Қазақстанның Азаматтық Альянсы қауымдастығының президенті Бану Нұрғазиевамен кездесуде облыстық қоғамдық кеңестің мүшесі Азамат Мусилов жергілікті атқарушы құрылымдардың жұмысын сынға алды. Оның ойынша, көптеген лауазымды тұлғалар қоғамдық кеңес мүшелерінің көкейінде жүрген салалық сұрақтарына жауап беруге дайын емес.
— Шенеуніктерге ширақтық керек. Біздің әріптестеріміздің арасында бай тәжірибелі, кәсіби білікті азаматтар аз емес. Бәріміздің тілегіміз бір — өңірдің өркендеуіне үлес қосу. Алайда, бізге құлақ асқысы келмейтін құрылымдардың бар екенін де жасырмаймын. Өз басым жеке қаражатыма талай істі тындырып жүрмін. Ұсыныстарым аяқсыз қалатын кездер көп», — деді Азамат Қанатұлы.
Айта кетейік, облыстық қоғамдық кеңесте жылдық жоспарға сәйкес мемлекеттік мекеме басшыларының есебі тұрақты түрде тыңдалады.