Open
Басты бет Барлық жаңалықтар МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

МАҚСАТ АЙҚЫН, МІНДЕТ ЗОР

21.01.2021
250

Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында Батыс Қазақстан облысының аумағын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы талқыға түсті. Күн тəртібіндегі мəселе бойынша баяндама жасаған облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Əсемгүл Əбенова межеленген мерзімге дейін жоспарланған жұмыстардың ауқымды тұстарына тоқталды. Өңірдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету, ауыл шаруашылығын əртараптандыру, инвестициялық əлеуетті арттыру, инфрақұрылымды дамыту, жалпы барлық салаға қатысты негізгі көрсеткіштер айқындалған.

Баяндамадан соң Казталов аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Мағауия Сансызбайұлы ең алдымен аймақты көгілдір отынмен, ауыз сумен толық қамтамасыз етудің барлық мүмкіндігін қарастыру қажеттігіне назар аудартты. Əріптесіміз республикалық жəне облыстық маңызы бар жолдардың құрылыс қарқынын арттыру, сондай-ақ қыстыгүні автожолдардағы апаттың алдын алу мақсатында күтіп-ұстау жұмыстарына жіті көңіл бөлуді сұрады.

Тұрғын үйге жоғары кезектілік — өңір үшін көкейтесті мəселенің бірі. Əріптесіміз Жұмажан Қожжанов тұрғын үй мəселесін шешудің тиімді тетіктерін ойластырып, бұл бағытта жұмысты бір сəтте де бəсеңдетпеуді қаперледі. Ал, Жаңақала аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Əлихан Досмұхамбетовты экологиялық ахуал алаңдатты. Бесжылдық бағдарламада қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу саласына жіті көңіл бөлінген. Қалдықтарды кəдеге жаратудың қажеттігімен келіскен Əлихан Декартұлы экологиялық мəселені шешудің өзге де жолдарына назар аудартты. Əріптесіміз кейінгі жылдары Жайық өзені деңгейінің күрт төмендеуі, өзен-көлдердің тартылуы, құрғақшылық салдарынан топырақ-өсімдік жамылғысының өзгеріске ұшырауы сияқты күрделі мəселелерді шешу жолдары тиісті деңгейде қамтылмағанына қынжылды. Қоғамдық кеңес мүшелері бұл мəселенің өңір үшін өзектілігін ескеріп, суландыру жүйесіне қатысты нақты ұсыныстарын жеткізді. Сондай-ақ, бағдарлама аясында қойылған сауалдарына жауап алды.

Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов аумақты дамыту бағдарламасында ауқымды жоспар түзілгенін, оның бəрі өңірді одан əрі өркендету жолындағы жарқын істер болатынына сенім білдірді. Сондай-ақ, кейбір мəселелерге қатысты əлі де терең талдаудың қажеттігіне тоқталды. Əсіресе, аймақтағы электр желілерін кезең-кезеңмен жаңғырту, салалар жаппай цифрланып жатқан «онлайн өмірде» уақыт талабына сай ауыл-елдімекендерді жылдамдығы жоғары интернетпен қамтамасыз ету мəселелеріне екпін түсірді. Былтыр Ақжайық, Тасқала аудандарының халқы ұжымдық бау-бақша егу бағытында үлгілі үрдіс жасағанын айтқан Ербол Ғұмарұлы ел-жұртты еңбекке баулудың, ынталандырудың маңыздылығына тоқталды. Кейінгі жылдары жеке секторда мал ұстау, құс өсірудің көңіл көншітпейтінін, ауыл адамдарының біразы дүкеннің сүт-қаймағын тұтынып отырғанын сөз етті. Осы бағытта жан-жақты жұмыс жүргізілсе деген өтінішін жеткізді.

Айта кетейік, қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан айтылған ұсыныстар хатталып, бесжылдық бағдарламаға енгізілмек.

Image
Image
Image
27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]