Open
Басты бет Барлық жаңалықтар ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҚ

ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ ҚАБЫЛДАНҒАН ЖОҚ

05.11.2021
209

БҚО қоғамдық кеңесінің төралқа отырысында «Спорт түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамына кіретін спортшыларға, сондай-ақ спорттың ойналатын түрлері бойынша ҚР құрама командаларының (ұлттық құрама командалардың) құрамында қатысатын спортшыларға ай сайынғы ақшалай жабдықталым төлемдерінің мөлшерін бекіту туралы» қаулы жобасы талқыланды. Жобаны әзірлеуші орган – Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Аталған сала басшысының орынбасары Жеңіс Нығметуллиннің нақтылағанындай, қаулы жобасында спортшылар мен олардың жаттықтырушыларына тағайындалған стипендия мөлшерін қысқарту қарастырылып отыр. «Біз республиканың өзге өңірлерінде спортшыларға төлем жүргізілетін жарыстардың деңгейі мен жүлделі орындарға сараптама жасадық. Біздің облыс пен Қарағандыны қоспағанда, басқа аймақтар ішкі чемпионат жүлдегерлерін ішінара қаржыландыратыны белгілі болды. Мысалы, жасөспірімдер арасында ел чемпионатының жүлдегерлеріне жоғарыда аталған екі өңірден басқасында мүлдем төлем қарастырылмаған. Ал жастар арасындағы ел чемпионаты жүлдегерлерінің барлығына бірдей айлық төлем тағайындалмаған. Мәселен, Павлодар мен Ақтөбе облысында жастар арасындағы ішкі чемпионатта тек 1 орын алғандарға ғана стипендия беріледі. Біз осы тәжірибені енгізгіміз келеді. Сондай-ақ, жаттықтырушыларға әр спортшы жетістігінің 10% көлемінде ақы төлеу (қазір 20%) жоспарланды. Бұл өзгеріс бір жағынан бюджет қаражатын үнемдеуге бағытталып отыр», — деді Жеңіс Махамбетұлы.
Қаулы жобасымен алдын ала танысқан төралқа мүшелері отырыс барысында бірқатар сауал жолдап, ой-пікірін білдірді. Облыстық мәслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаеваның ойынша қаулы жобасындағы өзгерістердің негіздемесі түсініксіз. «Төрт жыл бойы төленіп келген стипендияның мөлшерін қысқарту немесе мүлдем тоқтатып тастау есебінен бюджетті үнемдеуге ұмтылу орынды деп ойламаймын. Бұл жағдайда спортшылар мен жаттықтырушылардың да көңіл-күйін түсінуге болады. Өзге облыстардағы жағдайды күні бұрын сараптап, екшеп алу керек еді. Мүмкін, төлем мөлшерінен бұрын төлем шарттарына өзгеріс енгізу керек шығар», — деді Бибігүл Тишанқызы.
Төралқа мүшелері спортшыларды ынталандыру жұмыстары жүйелі жалғасу қажеттігін қаперге салды. Олар қаулы жобасына қарсылық танытып, бұрынғы күйінде қалдыруды қолдады.
«Біз бұдан төрт жыл бұрын спортшыларға стипендия тағайындау бастамасын қолдауымыздың басты себебі елдің жастары ынталанса, байрақты бәсекелерде өңірдің, елдің намысын қорғап, жеңіске деген құлшынысын арттырса екен дедік. Сол ойымыз өзгеріссіз қалады. Кейбір спортшылар ішкі чемпионаттардағы жетістікпен шектеліп, алға қарай ұмтылмайды деген пікірмен келісе алмаймын. Стипендия мөлшері жарыстардың деңгейіне байланысты реттеледі ғой, қай спортшы болмасын айлық төлемін арттырғанын, жалпы ел абыройын асырғанды қалайтыны анық. Қорыта айтқанда, қоғамдық кеңес өз құзыреті аясында шешім қабылдап отыр. Төралқа мүшелерінің басым дауысымен біз қаулы жобасын қабылдауға қарсымыз», — деді отырысты қорытындылаған БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Ғұмарұлы.
Айта кетейік, қаулы жобасы Ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған. Көпшілік талқылау мерзімі 15 қарашаға дейін жалғасады.

рисунок

рисунок

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]