Open
Басты бет Барлық жаңалықтар Әр теңге тиімді жұмсалуы керек

Әр теңге тиімді жұмсалуы керек

10.03.2022
189

Өткен апта соңында облыстық қоғамдық кеңес Ербол Ғұмаровтың төрағалығымен екінші шақырылымының соңғы
отырысын өткізді. Оған облыс əкімінің орынбасары Т.Каюпов, қоғамдық кеңес мүшелері, облыстық басқарма
басшылары жəне бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Аталмыш кеңестің күн тəртібіне негізінен екі мəселе шығарылып, қызу талқыға түсті. Оның біріншісі — облыстық мəслихаттың
2021 жылғы 15 желтоқсандағы №8-1 «2022-2024 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» хабарлама жасаған облыстық
экономика жəне бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нұрия Ғайтпаева (суретте) əр цифрдың
көтерген жүгін, мақсат-міндеттерін, сол арқылы атқарылуы тиіс кейбір жұмыстарды егжей-тегжейлі баяндап берді. Ал енді екінші
мəселе — «2022 жылы облыстың денсаулық сақтау саласын жаңғыртуға, көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен
қолжетімділігін арттыруға бағытталған іс-шаралар» бойынша облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Арман
Қалибеков біраз мəліметті жеткізді.
Иə, қоғамдық кеңестер – мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтіккеңесші, бақылаушы құрылым. Қазіргі уақытта əкімдіктер мен мəслихаттар өз шешімдерін қоғамдық кеңестермен кеңесіп,
талдап-таразылап барып қабылдау керектігі арнайы заңмен бекітілген. Сол себепті кеңес өзінің құзыреті шегінде өңірдегі өзекті
жайлардың барлығына дерлік араласып, ортақ ұстанымын білдіріп келеді. Талқылауға шығарылған бұл күнгі екі мəселеге
қатысты да қоғам мүшелері тарапынан біраз ұсыныс-пікірлер мен сын-ескертпелер болды. Оның ішінде Жаңақала ауданында су
тапшылығы түйткілдерін түпкілікті шешуге жəне қыруар қаржы жұмсалса да, бірі істеп, бірі оның жанында тек «күзетші» міндетін
атқарып тұрған Мəстексайдағы қос су қондырғысына қатысты өз уəжін білдірген Əлихан Досмұқанбетов те бар. Ол Ұялы
аумағынан (Бөкей ордасы ауданы) Казталов ауданының кейбір ауылдық округтеріне су тарту бағытындағы жоба-жоспарға да
алаңдаушылық білдіріп, азық-түлік бағасын реттеуде тұрақтандыру қорларының жұмысын жетілдіру қажеттігін алға тартты.
Жалпы, бюджет төңірегінде сұрақ-жауап аз болған жоқ. Кеңесте кейбір аудандардан түсетін сұраныстар, яғни құжаттар «шикі»
келіп, түсінбестік тудыратыны да тілге тиек етілді. Бұл қатарда алдымен аты ауызға алынған Шыңғырлау ауданы болды.


«Бірінші байлық – денсаулық». Өңір тұрғындары үшін мəн-маңызы ерекше бұл саланың да өзіндік түйткілдері жетіп-артылады.
Басқарма басшысы Арман Талғатұлы өз кезегінде былтыр қараша айында 32 медициналық ұйымға тəуелсіз аудит жүргізіліп,
сол бойынша көрсетілетін қызмет сапасын арттыруға бағытталған арнайы «Жол картасы» əзірленгендігін айтты. Онда негізінен
2025 жылға дейінгі басым бағыттар сараланып, қолда бар медициналық құрал-жабдықтар мен кадр мəселесіне ерекше назар
аударылған көрінеді. А. Қалибеков атап өткендей, денсаулық сақтау жүйесін заман ағымына қарай жаңғыртып отыруға жыл
сайын орта есеппен 3-4 млрд теңге қаржы шығындалады екен. Бұл аз дүние емес. Бір жағымды жаңалық, біраздан бері түйіні
тарқамай келе жатқан облыстық кардиоорталық ғимаратын кеңейту ісі биыл жүзеге асырылмақшы. Мұны бас дəрігердің өз
аузынан естідік. Қоғамдық кеңес мүшелері соңғы жылдары өмірімізге дендеп енген жұқпалы дерт – КВИ-мен ауырып, емделіп
шыққан жерлесте-ріміз үшін арнайы сауықтыру орындары жасақталса деген ұсынысты да ортаға тастады. Бұл да көптің қамы,
ел-жұрттың көкейінде жүрген ортақ ой. Сонымен бірге алдағы кезде соңғы үлгідегі заманауи медициналық құрал-жабдықтарды
сатып алумен қатар, оның «тілін» терең түсінетін білікті мамандар даярлау қажеттігі де назардан тыс қалмады. Несін
жасырамыз, əке жолын қуған Арман Талғатұлы өзіне жүктелген ауыр да абыройлы міндетті мінсіз атқаруға бекем бел буғаны
аңғарылады. Алдағы ой-жоспарларының бірқатарын кеңес мінбесінен санамалап айтып та берді. Бəріне уақыт төреші.
Айта кетелік, қос сала басшысын тыңдаған облыс əкімінің орынбасары Тілепберген Ерсайұлы алдымен мемлекеттік қызметте
жүрген əр адам өз деңгейін білуі керектігіне тоқталып, кейбір мəселелерді əлі де пысықтай түсу қажеттігін жасырмады. Мұндай
талқылаудың мақсаты да əр тиынның тиімді жұмсалуын қатаң қадағалап, халыққа пайдалы іске бұру екендігін түсіндірді. Өз
белсенділіктерімен көрінген қоғам мүшелеріне ризашылығын білдіруді де ұмыт қалдырмады.


— Қоғамдық кеңестермен берік байланыс орнатуға бірінші кезекте мемлекеттік құрылымдардың өздері мүдделі болуы керектігін
облыстық басылымға берген сұхбатымда айтқан едім. Ал қай қоғамда да түрлі көзқарас, алуан пікір орын алуы қалыпты
құбылыс. Ашық алаңнан ақиқат туындайды. Біз бүгін екінші құрылымның соңғы отырысын өткізудеміз. Кейінде қалған үш жылда
біраз мəселеге үн қосып, түрлі мемлекеттік құрылымдардың құлағына жеткіздік. Олардың ішінде өз шешімін тапқандар да,
тартпада жабулы жатқандар да бар.
Ендігі айтпағым, үшінші құрылымда кейбір əріптестеріміз бұл қатарда болмасы белгілі. Сондықтан аталған мерзімде қоянқолтық араласып, бірге жүрген үлкен-кішіге айтар алғысымыз шексіз. Алда да байланысымыз үзілмей, хабар алысып тұрайық, —
деп жиынды қорытты қоғамдық кеңес төрағасы Ербол Ғұмарұлы. Одан əрі бірқатар қоғамдық кеңес мүшелеріне өңір
басшысының алғысхаты табысталды.

Бауыржан Махутұлы,
zhaikpress.kz

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]