Облыстық қоғамдық кеңестің төралқа отырысында күн тәртібіндегі қос мəселеге байланысты БҚО табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бисенғали Хайруллинның хабарламалары тыңдалды.
Төралқа мүшелері облыстық мəслихаттың «Батыс Қазақстан облысы бойынша 2019-2025 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы» 2019 жылғы 6 мамырдағы №23-2 шешімінің күшін жою мəселесін қарастырды. Салалық басқарма бесжылдыққа белгіленген жаңа индикаторларды Экологиялық кодекске сəйкестендіре отырып, қайта айқындайды. Айта кетейік, жыл басында қабылданған жаңа Экологиялық кодекстің күшіне енгеніне үш айға жуықтады. Жаңа құжатта қоршаған ортаға эмиссия мəселесі қарастырылған. Бұрын эмиссия үшін алынған төлемдерді табиғатты қорғау шараларына міндеттеу болмаған еді. Енді жергілікті атқарушы органдар табиғатты қорғау іс-шараларын 100 пайыз көлемінде қаржыландыруға міндетті болды. Өзгерістің бірі — заңсыз ағаш кескені үшін жауапкершіліктің күшеюі. Облыстық қоғамдық кеңестің төрағасы Ербол Салықов табиғат сақшыларын аймақ тұрғындары арасында жаңа Экологиялық кодексті ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында белсендірек болуға шақырды. Облыстық мəслихат хатшысы Бибігүл Қонысбаева қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштеріне қатысты шешімнің жобасын алдын ала қоғамдық кеңестердің, барлық деңгейдегі мəслихат депутаттарының, үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен жан-жақты талқылап алуды ұсынды.
Бұдан бөлек, Батыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп ұстау жəне қорғау қағидаларын бекіту туралы шешіміне де өзгеріс енгізіледі. Бұл мəселеге байланысты ой қосқан төралқа мүшесі Жұмажан Қожжанов қаланы көгалдандыру ісіндегі іркілістерді сөз етті. Ол отырғызылған тал-теректердің күтімі тиісті деңгейде болмай, салдарынан көп ұзамай қурап қалатынын күйіне жеткізді. «Ағаштарды отап, орнына құрылыс жүргізіп жатқан компаниялар жасыл желектің өтемін қалай қайтарып жатыр? Жауапкершілік қарастырылған ба? Ал тамыр жаймаған көшеттерге кім жауап береді? Əлде олар тек есептегі белгі үшін егіле ме?», деп жанайқайын жеткізді Жұмажан Қожжанұлы.
Отырысты қорытындылаған Ербол Ғұмарұлы облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшылығын айтылған ұсыныс-тілектерге байланысты өзге де жауапты басқарма-ұйымдармен бірлесе отырып, жүйелі жұмыстануға шақырды.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ КОДЕКСКЕ САЙ ӨЗГЕРІСТЕР
21.09.2021
199
27.09.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24
Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24
Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24
Құрметті отандастар, барша халайық!
Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24
Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24
Құрметті жерлестер!
Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24
Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24
Құрметті батыс қазақстандықтар!
Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24
Құрметті батысқазақстандықтар!
Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24
Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24
ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24
ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!
Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…