Open
Басты бет Барлық жаңалықтар Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

19.07.2024
325

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық талқылау өткізіледі. Азаматтар референдумда дауыс берген кезде АЭС салуды ой елегінен өткізіп барып шешім қабылдауға тиіс. АЭС саламыз ба, салмаймыз ба – мұны халық шешеді» – деген еді.

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша Орал қаласында өткен жиынға ҚР Энергетика Министрлігі, Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті, «ҚР Ұлттық ядролық орталығының» Атом энергиясы Институты, Ядролық физика институты, «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері, ғалымдар мен мамандар, мекеме басшылары, облыстық, аудандық маслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, өңір тұрғындары, БАҚ және азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Жиынды облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов жүргізді. Аталған іс-шаралардың Жамбыл, Ұлытау, Қарағанды, Ақтөбе, Атырау облыстарында өткізілгенін қатерледі.

Күн тәртібінде «АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау» туралы бір мәселе қаралды. Жүргізу регламенті бекітілген соң, осы мәселемен өңірге арнайы келген ҚР Энергетика министрлігінің Атом энергетикасы және өнеркәсіп департаменті директорының орынбасары Гүлмира Мұрсалова «Елдің энергия қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында АЭС салу қажеттілігі» туралы баяндамасында, Қазақстан елді тұрақты энергиямен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін электр энергиясын өндірудің жаңа негізгі көзін енгізуді қажет ететінін, көмір энергетикасын негізгі көз ретінде пайдалану мүмкіндігі халықаралық қаржы ұйымдарының көмір электр станцияларын салу жобаларын қаржыландырудан бас тартуына байланысты шектеулі екені, сондай-ақ, елдегі табиғи газдың шектеулі қорына байланысты газ трубина арқылы энергия алудыңда қиын екенін, жел мен күннің мезгіл-мезгіл болмауына, жұмыстың болжамсыздығына байланысты тұрақты және негізгі генерация көзі бола алмайтынын және энергетика секторындағы технологияларды дамытудың ағымдағы деңгейінде атом энергетикасы шығатын қуаттарды ауыстыру үшін неғұрлым перспективалы шешім болып көрінетінін жұртшылыққа жеткізді. Қазіргі кезде ядролық энергетикалық қуаты едәуір елдер саналатын АҚШ-та 94 реактор,Францияда 56 реактор, Қытайда 56 реактор, Ресейде 36 реактор, Оңтүстік Кореяда 26 реактор, Жапонияда 12 реактор бар екенін айтты.

Өз кезегінде жерлесіміз «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС Бас директоры Тимур Жантикин «Қазақстандық атом электр станциялары» тақырыбында, ҚР «Ұлттық ядролық орталығы» РМК Атом энергиясы институтының директоры Ерболат Қоянбаев «Ядролық технологиялардың қауіпсіздігі туралы», Қазақстан Республикасының Ядролық физика институтының жетекші ғылыми қызметкері Данияр Жансейітов «Қазақстанда АЭС құрылысына дайындық жұмыстары және Атом генерациясының артықшылықтары туралы» тақырыптарда көлемді, ғылыми зерттеулерге негізделген баяндамалар жасалды.

Талқылауда сөз алған энергетика саласының ардагері Жетібай Отарбаев, «Нарын қасіреті» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайролла Сабыров, қоғам белсенділері Татьяна Кан, Алия Утемисова, «Батыс Пауэр» ЖШС бас директоры Марина Балашова, ардагер қаламгер Тихон Әліпқалиев, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық университетінің президенті Ақсерік Әйтімов, облыстық маслихат депутаты Қуаныш Бірманов, БҚО Ардагерлер кеңесінің төрағасы Мақсот Берген, облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі Алтынай Искалиева, «Стройкомбинат» ЖШС директоры Бақытжан Нұрбаев, «Отандастар» қорының өкілі Жантас Сафуллин және басқа да осы мәселе бойынша жария талқылауға қатысушылар атом саласында ғалым, мамандарға өз сұрақтары мен ұсыныстарын айтып, нақты жауаптарын алды.

Сөйлеушілер АЭС салу мәселесінде экологиялық қауіпсіздікке, құрылыстың сапасына, мамандар дайындауға көңіл бөлуді және АЭС салушы мемлекетті таңдауда ашық, әділ таңдау жасауды тиісті орындарға жеткізуді аманаттады. Атом электростанциясының құрылысы күрделі және маңызды мәселені жария талқылауға қатысып, атом энергиясы саласы бойынша аса маңызды ақпаратпен бөлісіп, түсіндірме жүргізгені үшін Астана мен Алматыдан келген ғалымдарға, мамандарға алғыстарын білдірді.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
20.03.24

ҚҰРМЕТТІ ХАЛАЙЫҚ, ҚАДІРЛІ ДОСТАР!

Баршаңызды халқымыздың ең ұлы мерекесі, адам баласы мен табиғат ана қайта жаңғырып, түлейтін — әз Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]