Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз!
Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті аспабы, құнды байлығы, таптырмас қазынасы. Бұл біздің ұлттық құндылықтарымызды ардақтау, терең тамырымызға ой салу, рухтың, тілдің, ділдің дамуына қомақты үлес қосар шуақты да, шаттықты мереке.
Атадан балаға аманат болған күй атасы Құрманғазы, күй анасы Дина және Дәулеткерей, Сейтек, Мәмен, Шамғон күйшілер туған өлкеде осындай асыл қазынамызды қадір тұту – бәріміздің қасиетті борышымыз.
Халқымыздың қасиетті ұлттық аспабы – Домбыра төрімізден түспесін! Баршаңызды мерекемен құттықтай отырып, бақытты да баянды өмір, зор денсаулық, жемісті еңбек, шаңырақтарыңызға шаттық пен қуаныш, құт-береке тілейміз! Әр шаңырақтан ән-күй үзілмесін!
Құрметпен,
Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесі