Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды.
Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері, облыстық басқарма басшылары қатысты. Отырыста жеті мәселе қаралды.
Күн тәртібінде Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2013 жылғы 11 наурыздағы және Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2013 жылғы 28 наурыздағы «Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкалары туралы» бірлескен қаулысына және шешіміне өзгеріс енгізу туралы бірінші мәселе бойынша облыстық жер қатынастары басқармасының басшысы Нұржан Мақсотов хабарлама жасап, облыс көлемінде елді мекендердің ауыстырылуына байланысты облыс әкімдігінің, облыстық мәслихатының бірлескен қаулысына және шешіміне тиісті өзгеріс енгізуді ұсынды. Төлемақының базалық ставкалары өзгеріссіз қалатынын жеткізді. Қоғамдық кеңес мүшелері жобаны қолдады.
Келесі «Батыс Қазақстан облысы бойынша жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Мирас Мүлкәй хабарлама жасап, бұл мәселені үстіміздегі жылдың сәуір айында қаралған соң, облыстық Әділет департаментінің берген ұсынысымен қайта бекітуді кеңес мүшелеріне ұсынды. Ұсыныс қабылданды.
«Батыс Қазақстан облысы бойынша үй жануарларын ұстаудың және серуендетудің қағидаларын бекіту туралы» Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 12 қазандағы №14-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы хабарламаны облыстық ветеринария басқармасы басшысының м.а. Нұрқайыр Кусаенов жасады. Бұл мәселені талқылауда Мақсот Берген, Али Бектұрғанов, Бауыржан Ғұбайдуллин, Жансұлу Сабирова, Данильбек Саратов, Нұрлан Сәдір және басқа да кеңес мүшелері өз ойларын ортаға салды. Итті үйден қысқа қарғы бау, ілмек немесе тұмылдырық кигізбей шығаратын, иттерін кез келген жерге қоя беріп серуендетін, тиісті талаптарды орындамайтын үй жануарлары иелеріне шара алуда полициямен бірге реидттерге шығып, жұмыстануға ұсыныс жасалды. Биылғы саяжайларды су басуға байланысты Орал қаласының көшесінде иесіз иттердің топ-тобымен жүруі, этаж үйде тұратын тұрғындардың иттерге тамақ беруі, ветеринарлық тексеруден өтпеуі, көшедегі адамдарға шабуылы, балалар қауіпсіздігін қорғау бағытында жүйелі жұмыстануды, тиісті шара алуды хабарламашы облыстық ветеринария басқарма басшысының м.а. Н.Кусаеновтің қатеріне беріп, осы жұмыстың атқарылуы туралы басқарма есебін осы жылдың желтоқсан айында қарау жөнінде келісілді.
«Батыс Қазақстан облысының ауылдық жерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Асылбек Каналиев хабарлама жасады. Хабарламашы өз сөзінде осы жобаның облыс, аудан, ауылдарға медицина мамандарын жіберу, тұрақтандыру, денсаулық сапасын арттыру мен жақсартуда оң өзгеріс болғанын, қазірдің өзінде өңірге келген медицина қызметкерлерінің саны 123 маманға жеткенін атап айтты. Бұл жұмыстың одан әрі жалғасатынын медицина және фармацевтика қызметкерлерін әлеуметтік қолдау шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету тәртібі мен мөлшерін айқындаудың маңызын түсіндірді. Қоғамдық кеңес мүшелері толық қолдады.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 19 қарашадағы «Батыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру тетіктерін іске асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы, «Батыс Қазақстан облыстық маслихатының 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Батыс Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы және «2024 жылға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша тыңайтқыштардың (органиқалық тыңайтқыштарды коспағанда) субсидияланатын тыңайтқыштар түрлерінің тізбесі және тыңайтқыштарды сатушыдан сатып алынған тыңайтқыштардың 1 тоннасына (литріне, килограмына) арналған субсидиялардың нормаларын, сондай-ақ субсидиялар көлемін бекіту туралы» Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы қаулысына толықтырулар енгізу туралы үш мәселе туралы хабарламаларды облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Жасұлан Халиуллин жасады.
Қоғамдық кеңес мүшелері барлық жасаған хабарламалар бойынша сұрақтарын қойып, талқыланғаннан кейін тиісті шешім қабылданды. Төраға жиынды қорытындылады.