Open
Басты бет Барлық жаңалықтар «ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҰРЫЛАДЫ

«ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ» ҚҰРЫЛАДЫ

05.11.2021
250

Бұл туралы ҚР БҒМ Ғылым комитетінің философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі Серік Сейдумановтың төрағалығымен өткен жиында айтылды. «Қазақстан Республикасындағы Қоғамдық кеңестер: жетістіктер мен даму перспективалары» тақырыбында ұйымдастырылған іс-шараға БҚО қоғамдық кеңесінің төрағасы Ербол Салықов онлайн режимде қатысты.
Жиын барысында ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Азаматтық қоғам істері жөніндегі комитет төрағасының орынбасары Гүлбар Сұлтанова баяндама жасап, қоғамдық кеңестердің кеңейтілген құзыреті мен сапалық құрамы туралы тарқатып түсіндірді. Айтуынша, ел бойынша қоғамдық кеңестердің саны 250-ге жуықтаған. «Келер жылы қалыптасатын үшінші шақырылымның құрамы заңнамалық өзгерістерге сай әрекет ететінін ескерсек, оларға артылар жауапкершілік жүгі еселенетіні түсінікті. Бір жағынан заңдағы жаңашылдықтардың нәтижесін де сол уақытта көретін боламыз. Кезең-кезеңімен қоғамдық кеңестердің құзыреті кеңейіп келеді. Бұл – уақыт талабы. Қоғамдық кеңестердің kazkenes.kz бірыңғай ақпараттық порталының мүмкіндіктерін де молынан пайдалануымыз керек», — деді Гүлбар Бекетқызы.
Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Рахман Алшанов мегаполистегі маңызды мəселелерді шешуде аталған құрылымның рөліне тоқталды. Ал Парламент Мәжілісінің депутаты Дархан Мыңбай кейбір ұйымдар мен саяси партиялар жанында жасақталған диалог алаңдарының «қоғамдық кеңестер» деп аталуы халық арасында түсініспеушілік тудыру мүмкін екенін сөз етті. «Əрине, кеңестердің көптігі демократия жолында дұрыс қадам екені сөзсіз. Дегенмен, «Қоғамдық кеңестер туралы» заңының аясында қалыптасқан консультативті-кеңесші органнан басқасын өзгеше атауға болар еді», — деді Дархан Қамзабекұлы.
Жиында Қоғамдық кеңестердің қауымдастығын құру туралы бастама көтерілді. Кезінде Парламент қабырғасында елде қоғамдық кеңестер қалыптастырып, оның жұмысын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз етуге бастамашы болған 3 депутаттың бірі Серік Сейдумановтың бұл ұсынысы да қолдау тапты. Серік Тұрарұлының айтуынша шетелдік тəжірибеге сүйенсек, мұндай қауымдастықтар тиімділігін дəлелдеп отыр. Аталған ассоциацияға барлық аймақтық қоғамдық кеңестердің төрағалары енгізіледі. Келешекте қауымдастықтың нақты мақсат-міндеті, жоспары пысықталады. Əзірге атқару комитеті жасақталып, ұйымдастыру жұмыстарына кірісті.

рисунок

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]