Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның арасындағы дәнекер ғана емес, еліміздің руханиятын, мәдениетін, тыныс тіршілігін көрсетуде, толағай табыстары мен зор жетістіктерінің жаршысы болып келесіздер! Техниканың озық үлгілерінің дамыған заманында интернет байланысы, баспасөз басылымдары халықты қажетті ақпаратпен толық қамтамасыз етуде өз ісіне азаматтық көзқараспен жаңашылдыққа ұмтылып, қайнаған ортадан табыласыздар.
Мемлекет қабылдайтын шешімдердің жариялы, ашық болуын қамтамасыз ететін консультативтік-кеңесші, байқаушы құрылым Қоғамдық кеңестер жұмыстарын халыққа жеткізуде белсенді қызметтер атқарып келесіздер!
Құрметті достар!
Сіздерді төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Халыққа жасаған қызметтеріңіз абырой әкелсін! Табысты да жемісті еңбектеріңіз алдағы мақсаттарға жету жолында жаңа биіктерден көріне беріңіздер!
Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесі