Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын көксеген армандарын жүзеге асырған, мемлекеттігіміздің алтын қазығы, қазақстандықтардың тең құқықтары мен мүмкіндіктерінің кепілі болып табылады.
Еліміздің әрбір азаматы Ата Заңымызды құрметтеу, ондағы қағидаларды бұлжытпай сақтау арқылы еліміздің дамуына, қоғамдық келісімге, бейбітшілік пен тыныштыққа қол жеткізе аламыз.
Мемлекеттің басты байлығы — адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Тәуелсіз елімізде адамдардың өсіп-өркендеуіне, өмір сүруіне, білім алып, демалуына, сөз бен шығармашылық еркіндігі, жеке басының бостандығы, ар-ожданының қол сұғылмауына, сот алдында құқықтарының тең болуына барынша кепілдіктер берілген. Конституция қағидалары толықтай елімізді демократияландыруға, экономикалық өрлеуге, халықаралық деңгейде өсуге, ішкі деңгейді әлеуметтік, саяси-құқықтық тұрақтылыққа, ауызбірлікке шақырады.
Ата Заң қабылданған күн бүкілхалықтық мерекеге айналған. Ел тірегіне айналған Ата Заңымыздың айбыны әркез асқақтай берсін!
Сіздерге және сіздердің отбасыларыңызға зор денсаулық, мол бақыт, амандық, Қазақстан Республикасын өркендету жолында толағай табыстар мен жетістіктер тілеймін!