Open
Басты бет Барлық жаңалықтар МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

МОНИТОРИНГ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТЫҢДАЛДЫ

12.10.2022
118

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, БҚО Қоғамдық кеңесі мен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті арасында «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдері картасын» жүзеге асыру аясында бірлескен іс-шаралар жоспары бекітілген еді. Оған сәйкес облыстық Қоғамдық кеңес мүшелері аталған департаментпен бірлесіп, өңірдегі жер, экология, ауыл шаруашылығы, жолдар және инфрақұрылымды дамыту салаларына мониторинг жүргізеді.

БҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы құқық қорғау органдарымен ынтымақтастық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның төрайымы Жансұлу Төремұратова ашып, жүргізген іс-шарада «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигондарының қызметінде санитарлық талаптардың сақталуына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптық мониторинг нәтижесі бойынша анықтама тыңдалды.

— БҚО Қоғамдық кеңесі өңірдегі өзекті мәселелерге ден қояды. Барлық 5 комиссия өз бағыты бойынша жұмыстанады. Мысалы, өзім жетекшілік ететін комиссия Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің БҚО бойынша департментімен тікелей байланыста жұмыс істейді. Бүгінгі басқосу экология тақырыбына арналып отыр. «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигондарының қызметіне жүргізілген мониторинг қорытындысымен таныс болсын, ұсыныс-тілегін ортаға салсын деген ниетпен облыстық Қоғамдық кеңес мүшелерінен бөлек, қалалық мәслихат депутаттары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, белсенді азаматтар мен блогерлерді арнайы шақырдық, — деді Жансұлу Менешқызы.

Жиналғандар алдында аталған департаменттің превенция басқармасының басшысы Біржан Хайруллин хабарлама жасады. Оның айтуынша, БҚО аумағындағы 147 «Қатты тұрмыстық қалдықтар» полигонының тек екеуінде рұқсат құжаттары бар. Қалған 145-і ауылдық аймақтық полигондар. Олардың жергілікті атқарушы органдардан ҚТҚ-ды сақтау мақсатында алған жер бөлу туралы шешімдері бар. Өңірде экологиялық талаптар мен санитарлық қағидаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарды орналастыру объектілерінің үлесі 1,36%-ды құрайды. Хабарламашы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жіпке тізді.

— Біріншіден, ауылдық жерлерде арнайы полигондардың болмауы, қоқыс үйінділерінің рұқсат етілмеген жерлерде пайда болуы болашақта орасан экологиялық проблемалардың туындау тәуекелін туғызады. Екіншіден, ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 505 бабында «Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру» бойынша ескерту немесе айыппұл салу шаралары қарастырылған. Ал Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті Жергілікті полиция қызметі басқармасының мәліметіне сәйкес, салынған айыппұлдарға қарағанда берілген ескертулер саны едәуір жоғары. Бұл өз кезегінде, жергілікті тұрғындар мен уәкілетті орган қызметкерлері арасында белгілі бір сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін туғызады, — деді Біржан Марданұлы. Ол Орал қаласы бойынша «Сенімгерлік басқарушы» «Құрылтайшыға» 2018, 2019, 2020 жылдары (2017 және 2021 жылдары атқарылған жұмыстардың есебі бар) атқарылған жұмыстардың есебі туралы ақпарат ұсынылмағанын, бұл да мемлекеттік қызметшілер тарапынан сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына әкеліп соғатынын қаперге салды. Анықтамада бұдан басқа да нақты кемшіліктер мен оларды жоюға бағытталған ұсыныстар айтылды.

Жергілікті атқарушы құрылым мен мердігер кәсіпорынның да өз айтары бар. Мысалы, қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай тариф өзгермесе, уақыт өткен сайын инвестор шығынның астында қалатынын және бұл жағдайда олардан сапалы жұмысты талап етудің өзі қисынсыз дегенге келтірді. Дей тұра атқарылып жатқан жұмыстарды да бағалау керегін айтып, еліміз бойынша ең бірінші іске қосылған қалдықтарды сұрыптау желісінің қызметін тілге тиек етті.

Сенімгерлік басқарушы компанияның өкілі Алмас Пішенбаев өздері іске кіріскен уақыттан яғни 2017 жылдан бері бірқатар жұмыс атқарылғанын және осы күнге дейін мемлекет тарапынан бір тиын қаржы алмағанын жеткізді. Жиынға қатысқан құзырлы құрылымдар өкілдері сенімгерлік басқаруға берілгелі жаңа техникалар алынып, полигондағы өрттің де тыйылғанын айтып, біраз шаруаның атқарылғанын растады.

Қалалық мәслихат депутаты Айгүл Туркина шаһар аумағындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын сенімгерлік басқаруға алған компания өкіліне билікпен бірлесе жұмыстанып, ішкі әлеуетті тиімді пайдалану туралы кеңес берді.

— «Жасыл ел» бағдарламасы бар, сенбіліктер, тазалық айлықтары жүргізіледі. Кейде жасыратыны жоқ, есеп үшін тал-терек отырғызылады, оны күтіп-баптау жұмыстары далада қалады. Мүмкін, күш біріктіріп, полигон аумағына апаратын жолды жағалай көшет отырғызу керек шығар, бұл да міндеттемелеріңізде бар ғой. Шығынға ұшырадық дей бергенше, осындай нұсқаларды да жан-жақты қарастырған жөн шығар, — деді Айгүл Серікқызы.

«БҚО Азаматтық Альянсы» қауымдастығының атқарушы директоры Жанат Танабаева «Халықтық бюджет» жобасы арқылы осындай полигондарды талапқай сәйкестендіру мүмкіндіктерін қарастыру ұсынысын айтты. Бұл сұраққа жауап берген қала әкімінің орынбасары «Халықтық бюджет» аясында әрбір жоба дауысқа салынғанда тұрғындар тарапынан қатты тұрмыстық қалдықтар полигоны мәселесіне назар аударылмайтынына қынжылды.

«Телегей» қоғамдық бірлестігінің өкілі Дәуренбек Сахым экология мәселесі тақырыбында ауқымды кездесу өткізу туралы ұсынысын айтып, белсенді азаматтар бұл бағытта бірлесе жұмыстануға дайын екенін жеткізді.

Азаматтық қоғам өкілдері тарапынан тұрғындардың экологиялық мәдениетін көтеру, рейдтік іс-шараларды жандандыру және тағы басқа маңызды ұсыныстар айтылды. БҚО Қоғамдық кеңесі жанындағы тұрақты комиссияның төрайымы Жансұлу Төремұратова қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарының қызметін мониторингілеу жұмыстарына эколог мамандарды, білікті қызметкерлерді тартудың маңыздылығына тоқталды.

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің жұмысы еліміз бойынша жаңа сипат алды. Біз мәселелердің салдарымен емес, себебімен күресуге күш саламыз. Бүгінгі іс-шара – соның бір көрінісі. Қайткен күнде де кемшіліктер жоқ емес, бар. Біз оны жіліктеп жеткіздік. Мақсат – құзырлы құрылымдар, қоғамдық кеңес, белсенді азаматтар бар, бәріміз бірігіп оң шешілуіне үлес қосу. Ал ескертулер еленбей, жағдай өзгеріссіз қала берсе, заң аясында құқықтық шаралар қабылданады, — деп қорытындылады Біржан Марданұлы.

27.09.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға  облыстық Қоғамдық кеңестің 21 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.09.24

Қоғамдық кеңестің төралқа отырысы өтті

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңес төралқа отырысын, кеңес төрағасы Ербол Салықов ашып, жүргізді. Жиынға төралқа мүшелері және атқарушы органдар басшылары…
03.09.24

Жолдауды қолдау – ел өркендеуінің негізі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады. Мемлекет басшысы…
29.08.24

Құрметті отандастар, барша халайық!

Сіздерді мемлекеттік мереке – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Ата Заң — халқымыздың ғасырлар бойы тәуелсіз ел болуын…
09.08.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Ербол Салықов жүргізді. Кеңеске облыс әкімінің орынбасары Тілепберген Каюпов, облыстық…
19.07.24

Елімізде АЭС салу мәселесі бойынша жария талқылау өтті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы бірінші қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Болашақта әлі талай қоғамдық…
05.07.24

Қадірлі жерлестер!

Сіздерді Ұлттық домбыра күні мерекесімен құттықтаймыз! Домбыра – қазақ халқының өте ертеден және кең тараған, нағыз табиғи ұлттық музыкалық, қасиетті…
05.07.24

Құрметті жерлестер!

Сіздерді Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Астана – тәуелсіз еліміздің жемісі, Қазақстанның зор қуаты мен бұла күші. Бұл – отандастарымыздың…
01.07.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, облыстық…
28.06.24

Құрметті Бұқаралық ақпарат құралдары саласының қызметкерлері!

Сіздерді кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз! Бүгінгі күні еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары азаматтық қоғамның құрамдас бөлшегі ретінде билік пен бұқараның…
20.06.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ОЗДЫРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізді. Жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 24 мүшесі, облыстық басқарма…
30.05.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңестің отырысы оздырылды. Кеңес отырысын төраға Е.Салықов жүргізіп, жиынға облыстық Қоғамдық кеңестің 22 мүшесі, БАҚ өкілдері,…
09.05.24

Құрметті батыс қазақстандықтар!

Сіздерді адамзат тарихында ұмытылмас із қалдырған Ұлы Отан соғысының аяқталған күні – Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бұл күн…
07.05.24

Құрметті батысқазақстандықтар!

Отан қорғаушы күні құтты болсын! Қазақ елінің шекарасы берік, іргесі нық, келешегі кемел болғай! Халқымыздың бақ-дәулеті арта бергей! Еліміз амандық,…
01.05.24

Ардақты ағайын, қадірлі жерлестер!

Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймыз! Бұл — ұйымшылдыққа ұйысқан ұлттың, бір шаңырақ астында татулықты ту еткен этнос өкілдерінің береке-бірлігін…
29.04.24

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Жуырда Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Төраға Е.Салықов жүргізген жиынға 24 облыстық Қоғамдық кеңестің мүшесі мен облыс әкімінің…
07.04.24

ҚҰРМЕТТІ ЖЕРЛЕСТЕР!

Еліміздің бірқатар өңірінде күрделі жағдай қалыптасып отырған қазіргі кезеңде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың су тасқыны салдарынан қалыптасқан ауыр жағдайға байланысты…
Ask the director a question
* - Required fields
[contact-form-7 id="2093" title="Contact form 1 - Kz"]