Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын жасады.
Мемлекет басшысы Жолдауда жүзге жуық бастама көтеріп, нақты 9 басымдықты белгілеп берді. Республикалық бюджеттің кіріс бөлігінің орындалмай жатырғанын және бұл – бұрынғы және қазіргі Үкімет жұмысындағы үлкен олқылық екенін айтқан Президент бюджет қаржысын тиімді пайдаланып, оның шығыс бөлігін шектеп, қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді. Сонымен бірге экономикалық белсенділікті қолдау және финтех саласын қарқынды дамыту сияқты өзекті мәселелер шешімін табуы үшін «Банк туралы» жаңа заң қабылдау қажеттілігін жеткізді. Үкіметке Ұлттық Банкпен бірлесіп, осы мәселеге қатысты нақты шаралар қабылдауды және салық кодексін жан-жақты қарауды келесі жылға қалдыруды тапсырды.
Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы аясында үкіметке тұрғындарды және экономиканы қажетті көлемде газбен, энергиямен қамтамасыз етуді тапсырды. Мұнай-газ-химия саласын одан әрі дамыту да қамтылды.
Соңғы кезде халықты толғандырған, Орал қаласында қоғамдық кеңестер мүшелерінің, уәкілетті органдар уәкілдерінің, ғалымдардың қатысуымен өткен АЭС салу бойынша жария талқылауында өңір тұрғындары экологиялық қауіпсіздікке, құрылыстың сапасына, мамандар дайындауға, АЭС салушы мемлекетті таңдауда ашық, әділ таңдау жасауды ұсынған еді. Халықтың қорытынды шешімін шығару, осы мәселені шешу үшін Президент үстіміздегі жылдың 6 қазан күні республикалық референдум өтетінін жариялады.
«Қазіргі жаңа заманда еліміздің әрбір азаматы адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бұл біз ұсынып отырған «Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» қағидатына толық сай келеді.» – деді Қ.Тоқаев. Ендеше, әрбір адам ісі мен сөзі бір жерден шығатын Адал азамат болса, сонда ғана қоғамда әділдік орнайды.
Егеменді елімізді өркендету жолында, халықтың әл-ауқатын жақсартуда айтылған Мемлекет басшысының Жолдауын қолдаймыз.